0
0
Рейтинг
0.0
Оцените
Оценить
Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. адамға не Лондондағы такси көліктерінің не себепті төбесі қарапайым біз көріп жүрген машиналардың төбесінен әлдеқайда биік келетінін білесіз бе? Білмесеңіз, біз айтайық. Ағылшын халқы ерлерінің басым бөлігі театрға барған уақытта биік қалпақ (цилиндр) киіп барады. Олар таксиге отырғанда бас киімі төбеге тиіп қалмай, ыңғайлы отыруы керек. Сол үшін таксилердің төбесін биіктеткен. Міне, Қызық. Былай қарасаң, машинаның төбесін аласартып, адамдарға бас киімін шеше салған немесе баскиімді қысқарта салған — қандай тұрғыда болмасын тиімді емес пе? Жоқ, бірақ ағылшындар олай жасамаған. Себебі, театрға баратын өздерінің қалыптасқан мәдениеті бар. Сол үшін арнайы автомобильдер құрастырған. Яғни, театр өнері, театр мәдениеті бүкіл халықты, экономиканы, өндірісті, саясатты, дизайнды толықтай өзіне бағындырып отыр деген сөз емес пе бұл? Қазір биік қалпақты (цилиндр) күнделікті киіп жүретін дәуір емес. Бұл бас киім көбіне театрға барғанда ғана киіледі оларда. Осындай күшке ие болып отырған бұл театр деген қандай өнер? Қайдан шыққан? Ол береді? Театр сонау көне Грекияда пайда болған, ол әртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтиды. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдіретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр. Мысалға алатын болсақ, қойылымдағы әрбір деталь өте маңызды рөл атқарады, әртістің қимылы, табиғаты, болмысы, сөзіне оның киімі, қолданатын заттары үйлесімді болуы керек. Ал жалпы театрдың мазмұнына, мәніне оған сәйкес композиция, музыка дұрыс таңдалуы тағы бар. Шын мәнінде қарасақ, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Иә, рас, себебі, онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығын, олардың айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, имандылық жолды көрсетеді. Театр өнерін жинақтаушы, ұйыстырушы, тек қана әртістер мен режиссерлер, суретшілерді, драматургтарды, композиторларды ғана емес, сонымен қатар көрерменмен диалог тудырушы өнер ретінде тану керек. Бұл өте маңызды. Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті әлемді өзгертеді. Мүмкін өнердің мақсаты шығар: адамды өзгерту және әлемді тану... Мұхтар Әуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген мақаласында «...театр өнерінің ұрығы елдің әдет-салтынан, ойын-сауығынан, өлең-жырынан басталған. Театр өнерін туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт елдің өз денесінен шыққан» - дейді. Адам өзін-өзі сақтап қалуы үшін, рухани құндылықтарына кір жакпас үшін, үнемі театрдан сабақ алып отыруға тиісті. Ал Шәкен Айманов «Театр — адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы» деп зор баға берген. Театр өлмейді ешкім өлтірмейді. Мұхтар Әуезовтің сөзімен ойымызды қорытындылайтын болсақ, «Театр сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі». да осы де, оны
мәтіндегі экспрессивтік -эмоцианалды сөздерді теріп жазыңыз
мәтіндегі экспрессивтік -эмоцианалды сөздерді теріп жазыңыз
212
0
Жалоба
Комментарии (0)
По дате
По дате
Популярные
Нет комментарий
Ответы
Ответов нет
Знаешь ответ? Добавь его сюда и заработай денег! Ответы проходят модерацию. Минимум 100 символов.
Чтобы добавить ответ - нужно войти или зарегистрироваться